Skip to main content

Govtech Prize 2024

2024 жылдың ақпан айында Дубайда өткен Дүниежүзілік үкімет саммиті аясында GovTech Prize – 2024 халықаралық байқауының қорытындысы бойынша «Инклюзивті цифрлық трансформация» номинациясында «Отбасының цифрлық картасы» жобасы жеңіске жетті.

GovTech Prize сыйлығы – 2014 жылы құрылған БАӘ мемлекеттік қызмет саласын жетілдіру бағдарламасының (EGSEP) бастамасы. Бұл бастама халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бөлігінде өзекті мәселелерді шешетін және үкіметтің іс-тәжірибесін кеңейтетін инновациялық және креативті шешімдері мен жетістіктері үшін әлем елдерінің мемлекеттік органдарын танытуға бағытталған.