Даму стратегиясы
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ 2025–2027 жылдарға арналған Даму стратегиясын ұсынады. Бұл құжат алдағы үш жылдық кезеңге арналған Қоғамның миссиясын, көзқарасын, мақсаттары мен міндеттерін айқындайды. Стратегия Қоғамның электрондық үкіметке арналған шешімдерді әзірлеуші және интегратор ретіндегі көшбасшылық ұстанымдарын нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.
Стратегия Қоғамды өнімге бағдарланған компанияға (Product-Oriented Company) айналдыруды көздейді, бұл ретте электрондық үкімет саласындағы көшбасшылық позицияларды сақтау, ІТ-шешімдерді монетизациялау және корпоративтік мәдениетке заманауи тәсілдерді енгізу басымдыққа ие.
Стратегия жобасы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның 2024–2033 жылдарға арналған Даму жоспарының (бұдан әрі – Даму жоспары) негізінде әзірленді. Даму жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 19 желтоқсандағы № 1145 қаулысымен бекітілген және белгіленген мақсаттар мен міндеттерге толық сәйкес келеді.
Стратегия жобасында қарастырылған негізгі бағыттар:
- Қоғам қызметінің тиімділігі мен іскерлік беделін арттыру;;
- Бөлінген инфрақұрылымды қалыптастыру;
- Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- QazTech бұлтты платформасы негізінде платформалық модельге көшу;
- Data Governance тәсілдерін дамыту.
Қоғамның стратегиялық көзқарасы «All Mobile, All AI, All Trusted» тұжырымдамасына негізделген. Ол азаматтардың өмір сүру сапасын арттырып, мемлекеттік басқару процестерін жетілдіруге бағытталған озық цифрлық экожүйені қалыптастыруды көздейді. Бұл қағидаттар жаңа технологияларды енгізуге, тұрақты әрі қауіпсіз цифрлық инфрақұрылымды дамытуға және қазіргі заманғы сын-қатерлерге тиімді жауап беруге мүмкіндік береді.