Smart Bridge платформасы мемлекеттік қызметшілер мен бизнеске таныстырылды
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Нұр - Сұлтан және Алматы қаласындағы Smart Bridge платформасын таныстырды. "ҰАТ" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ақан Сарманов мемлекеттік қызметшілер мен бизнеске интеграциялық процестерді жүргізген кезде бюджетті интеграциялау және оңтайландыруға құжаттарды тапсыру мерзімдерін қысқарту басты болып табылатын платформаның мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы айтып берді.
Кездесу достық және еркін жағдайда өтті, әркім "ҰАТ" АҚ мамандарына оны қызықтыратын кез келген сұрақтарды қоя алды, ал ҰАТ-да өз кезегінде фитбэк мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінен алуға мүмкіндік болатынын атап өтуіміз тиіс.
Smart Bridge платформасы қатысушылардың қызығушылығын тудырды,көптеген сұрақтар мен оң пікірлер болды.
"Бұл бизнеске өз процестерін оңтайландыруға және клиенттермен тиімді өзара іс-қимыл жасауға көмектесетін өте қызықты жоба. Өз жұмысымыздың ерекшелігі бойынша, біз күн сайын клиенттердің көп санымен бетпе-бет келіп, және олардан біз құжаттардың өте көп санын жиі сұратуға тура келеді, ал бұл қағазбастылық пен артық уақытты алады. Smart Bridge платформасы арқылы бізге клиенттің ЖСН жеткілікті болады, барлық қалған ақпаратты сервистен аламыз және осы деректердің негізінде өтінімді іске қосамыз. Бұл біздің жұмысымызды тездетіп, жеңілдетеді", - деп атап өтті бизнес өкілдерінің бірі.