Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы

Жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың барлық сайттарын бірыңғай және қолайлы құрылымға біріктірген мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы ақпарат алудың және халықтың олармен өзара іс-қимылының бірыңғай терезесіне айналды. Платформа 3400-ден астам сайттың конструкторы болып табылады, онда әзірлеушінің дағдылары жоқ мемлекеттік органның қызметкері жаңалықты 1 минут ішінде орналастыра алады, тіпті жеке кабинет арқылы 15 минут ішінде сайт жасай алады.