Кеңес роботы азаматтарға мемлекеттік қызмет бойынша қызмет көрсете бастады
«Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді 1414 нөмірі арқылы көрсету процесіне Кеңес роботы қосылды», - деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ.
Осылай, 1414 Бірыңғай байланыс орталығына хабарласу кезінде Кеңес роботы қоңырау шалушымен амандасып, телефон арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша консультация береді.