Бір реттік пароль арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен сервистер IOS және Android базасында қолжетімді
17.09.2018 ж., «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Мобильдік үкімет» қосымшасының жаңартылғаны туралы хабарлайды.
«M-Gov» нұсқасын жаңарту шеңберінде, сонымен қатар бір реттік пароль* арқылы пайдаланушының авторизациясы бойынша функционал іске асырылды.
Енді, «mGov» мобильдік қосымшасының пайдаланушылары қолданыстағы қосымшаның 43 мемлекеттік көрсетілетін қызметі мен 13 төлем түрінен басқа, бір реттік пароль арқылы 13 қызмет ала алады.
Сондай-ақ, IOS базасында «Мобильдік үкімет» қызметтерін пайдалануды бастау үшін, қосымшаны жаңарту жеткілікті. Android үшін Google Play – де «mGov» қосымшасын жүктеу қажет.
* Бір реттік пароль – сұрау салуды жібергеннен кейін тексеру кодымен пайдаланушының ұялы телефонына келетін sms-хабарлама. Бір реттік парольді пайдалану үшін «M-Gov» мобильдік азаматтардың базасында пайдаланушы тіркелуі тиіс.
Бір реттік пароль көмегімен алынатын 13 қызметтің тізімі:
1. Мекенжай анықтамасын алу;
2. Заңды тұлғаның, филиал немесе өкілдіктің барлық тіркелген әрекеттері туралы» анықтама алу;
3. Тіркелген заңды тұлға, филиал және өкілдік туралы анықтама;
4. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің болуы туралы анықтама;
5. Жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама алу;
6. Заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама;
7. Некеге тұру туралы анықтама;
8. Некені тіркеуге электрондық өтініш беру;
9. Баланың туу туралы анықтама;
10. Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама;
11. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтама;
12. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама;
13. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді беру.