Skip to main content

Цифрлық студенттік билет енді eGov Mobile қосымшасында қолжетімді

EGov Mobile мобильдік  қосымшасына жаңа цифрлық құжат  – «Студенттік билет» қосылды. Енді студенттік билетті смартфондағы  электрондық үкімет қосымшасы  арқылы электрондық түрде беруге  болады.

Студенттік билет оқу орнының, жатақхананың немесе кітапхананың аумағына кедергісіз кіру үшін қажет, сондай-ақ билетті көрсеткен кезде студентке мүмкіндіктер немесе жеңілдіктер берілсе пайдалы болуы мүмкін.

«Біз қазақстандықтардың барынша көп құжаттарының цифрлық форматта болғанын қалаймыз. Бұл құжаттардың бумасын түпнұсқада алып жүрмеуге мүмкіндік береді. Өзімен бірге Цифрлық студенттік билеті бар әрбір студент оны талап етілген жерде әрдайым көрсете алады", - деп түсіндірді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Билетті табу үшін қосымшада, «Сервистер» қосымша бетінде «Цифрлық құжаттарды» басу қажет. Студенттік билеттің иесі QR-код арқылы оған қол жеткізе алады, бұл құжатты сұратқан Тарапқа оның түпнұсқалығына көз жеткізуге көмектеседі.

Ағымдағы күні eGov Mobile-да келесі цифрлық құжаттар қолжетімді екенін атап өтеміз: жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, некені тіркеу туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі, атын, тегін, әкесінің атын қайта атау туралы куәлік, Білім туралы диплом, некені бұзу туралы куәлік, электрондық техникалық паспорт, ПТР-тест және студенттік билет.