Skip to main content

Digital Bridge 2025 форумы аясында NITEC, New ServiceArt венчурлік студиясы және Пәкістанның InfoTech компаниясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ынтымақтастық аясында цифрлық инфрақұрылымды дамыту, жасанды интеллект пен big data шешімдерін енгізу, мемлекеттік қызметтер мен бизнес-процестерді жетілдіру, сондай-ақ GovTech саласында Қазақстан, Пәкістан және өзге елдер арасында тәжірибе алмасу көзделген.

Бұл серіктестікке мықты ойыншылар бірікті: әлемнің түрлі елдерінде кеңселері бар, құрамында 700-ден астам маманы жұмыс істейтін жетекші жүйелік интеграторлардың бірі InfoTech қаржы нарықтары, мемлекеттік қызметтер және цифрлық реттеу салаларында жобаларды жүзеге асырып келеді. Ал New ServiceArt бизнес-девелопмент пен инновацияларды іріктеуді дамытуға, Қазақстандағы корпоративтік бағдарламаларды қолдауға және отандық компаниялардың Африка мен Оңтүстік Азия нарықтарына шығуына ықпал етеді.

«Қол қойылған келісім екі тарап үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Біздің әріптестер Қазақстанның электрондық үкімет пен цифрлық қызметтер саласындағы тәжірибесіне үлкен қызығушылық танытып отыр. Бірлескен жұмыс цифрлық инфрақұрылымды дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге елеулі үлес қосатынына сенімдіміз», – деді NITEC маркетинг және стратегия жөніндегі басқарушы директоры Азамат Баймен.

Аталған әріптестік мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға және цифрлық экономиканы дамытуға бағытталған инновациялық шешімдерді ілгерілету жолындағы маңызды қадам болмақ.