Енді Telegram-бот қазақ тілінде қызмет көрсетеді
21-ші мамырда өткен 2017 жылдың қорытындылары мен 2018 жылға арналған жұмыс жоспарына арналған кездесуде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Әсет Тұрысов компанияның қызметкерлері Telegram-бот жасағанын хабарлады.
Негізгі мақсаты Telegram-бот қосымшасы арқылы eGov.kz порталының танымал мемлекеттік қызметтерін алу процессін жеңілдету болып табылады.
Өткен аптада компаниямыздың қызметкерлері жасаған жұмыстардың нәтижесінде Telegram-бот жаңа атауға (@EgovKzBot) көшті. Мұнымен қоса, енді Telegram-бот қазақ тілінде қызмет көрсетеді.
eGov.kz порталының Telegram-бот қосымшасы іске қосылған күннен бастап бір апта ішінде 2135 адам аталған парақшаға жазылған.
Ал бір аптада келіп түскен барлық сұраныстардың саны 3222 құрады.
Қазіргі уақытта компания ең танымал қызметтердің Telegram-бот арқылы көрсету бойынша жұмыстарын жалғастырып келеді. Осылайша жақын уақытта танымал қызметтер кез келген уақытта қолжетімді болады.
Естеріңізге салсақ, @EgovKzBot арқылы алу үшін «Бастау» (Старт) тетігін басып, ұялы телефонның нөмірін чатта пайдалануға рұқсат беру керек. Әрі пайдаланушының мобильді азаматтар базасында тіркелуінің болуы шарт. Сол кезде пайдаланушыға 4 ең танымал қызметтер - мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы анықтама, сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама, жеке тұлғаның заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама қолжетімді болады.
@EgovKzBot чатында бар бұйрықтарды жіберіп тұру керек. Сонымен қатар, анықтамаларды электронды поштаға жіберу мүмкіндігі бар. Ол үшін чатқа электрондық поштаның мекенжайын жазу керек.
Telegram-бот сілтемесі – https://t.me/EgovKzBot