Skip to main content

ХАБАРЛАНДЫРУ!

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының Қоғамдық кеңесін құру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – Жұмыс тобы) 2023 жылғы 7 желтоқсандағы отырысының № 1 шешімімен 2024 жылғы 22 қаңтарда өтетін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қоғамдық кеңесіне (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) конкурсқа құжаттарды қабылдау жарияланды.

Коммерциялық емес ұйымдар өкілдері мен азаматтар арасынан кандидатуралардың болмауына байланысты «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) 2024 жылғы 16 ақпан бойынша құжаттарды қабылдау мерзімімен Қоғамдық кеңеске қосымша конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері осы хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күн ішінде төмендегі құжаттарды қызметкердің қолына береді немесе төменде көрсетілген электрондық мекенжайға жібереді:

  1. Қоғамдық кеңес құрамына кандидатура ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың еркін нысанда жасалған өтініші ( 4 және 5-қосымша);
  2. Кандидаттың өмірбаянымен қоса, кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер (6-қосымша);;
  3. Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
  4. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылуларының (ауруларының), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Кандидаттардың құжаттары:

Электрондық почта адресі: ramazan.atykhan@nitec.kz.

Хаттың тақырыбында ««ҰАТ» АҚ Қоғамдық кеңесінің мүшесі» деп көрсету;

Пошта мекенжайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15. «ҰАТ» АҚ.

Байланыс телефон нөмірі: +7 7172 701665 (ішкі: 6237).

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Үзіліс: 13:00-ден 14:30-ға дейін.