Әлеуметтік көмек алушылар енді eGov mobile қосымшасы арқылы бір рет шертіп, тиесілілігін растайтын құжатты жүктей немесе бөлісе алады
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ әлеуметтік көмек алушылар (АӘК) болып табылатын қазақстандықтарға ыңғайлы болу үшін электрондық үкімет қосымшасына жаңа құжатты қосу бойынша интеграциялар жүргізді.
Сервис өзімен бірге құжаттың түпнұсқасы жоқ адамдарға пайдалы болады. Оны көрсету үшін электрондық үкімет қосымшасында авторлану қажет, атаулы АӘК-ның құжаты eGov mobile қосымшасында «цифрлық құжаттар» бөлімінде орналасқан. Атаулы әлеуметтік көмекті алушы QR-код арқылы оған қол жеткізе алады, бұл құжатты сұратушы Тарапқа оның түпнұсқалығына көз жеткізуге көмектеседі.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда eGov mobile қосымшасында 18 цифрлық құжат қолжетімді, сонымен бірге: жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, диплом, студенттік билет және т.б. Электрондық үкімет қосымшасын Google Play, AppGallery, AppStore-дан жүктеуге болады.