Орта білім беру, оның ішінде Республикалық маңызы бар мемлекеттік мекемелердің басшыларын алмастыруға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды үйден шықпай-ақ беруге болады
Білім беру саласында жұмыс істейтін Қазақстандықтар орта білім беру, оның ішінде республикалық маңызы бар мемлекеттік мекемелердің басшыларын алмастыруға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды «Электрондық үкімет» порталында тапсыра алады.
Қызмет тегін көрсетіледі. Қызмет нәтижесі құжаттарды қабылдау туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту болады.
«Байқауға қатысу мүмкіндігі өз еңбегі мен мансаптық өсудің өршіл келешегі үшін лайықты сыйақы алуға ынталандырады, бұл жас мамандар үшін жақсы перспективаға айналуы мүмкін» - деп түсіндірді «ҰАТ» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.
Көрсетілетін қызметті алу үшін eGov.kz порталына кіру және «білім» қойындысын таңдау қажет. «Орта білім» бөлімінде «Орта білім беру, оның ішінде Республикалық маңызы бар мемлекеттік мекемелердің басшыларын алмастыру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» қызметін таңдау керек. Одан әрі порталда авторизациялану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту қажет. Содан соң«Республикалық комиссия», «Облыстық комиссия», «Білім беру ұйымы» комиссия түрлерінің бірін таңдау, одан әрі қажетті құжаттарды тіркеу, атап айтқанда соттылығы бар/жоқ екендігі туралы мәліметтер сұралады. Барлық міндетті алаңдарды толтырғаннан кейін бір рет қолданылатын пароль немесе ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қою қажет.