Skip to main content

ҰАТ жобалары әлемдік сарапшылардың жоғары бағасына ие болды

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов "Жасанды интеллект және тұрақты дамудың жаһандық мақсаттарына қол жеткізуге арналған деректер мүмкіндіктері" тақырыбындағы цифрландыру жөніндегі халықаралық сараптамалық кеңестің отырысында ҰАТ жобалары туралы айтып берді, оның ішінде электрондық үкімет порталы eGov.kz, Egov Mobile мобильді қосымшасы, Мемлекеттік органдардың интернет ресурстарының бірыңғай платформасы (ЕПИР Мо) және Smart Data Ukimet. Әсет Тұрысов жобалар "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып, қазақстандықтарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған, бұл ретте ашықтық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді деп атап өтті.

Әлемдік сарапшылар Қазақстанның электрондық үкіметті дамыту саласындағы жетістіктерін жоғары бағалады, сондай-ақ жасанды интеллект элементтерін қолдану өте уақтылы екеніне назар аударды.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев атап өткендей, Қазақстан мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бағытында алға жылжуға ниетті, ол үшін деректер қорын интеграциялау, IT-дағдыларға оқыту, Big Data саласын дамыту бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде.