Skip to main content

Мемлекеттік органдарының бірыңғай көлік ортасы

Мемлекеттік органдарының бірыңғай көлік ортасы - Қазіргі уақытта МО БКО келесі инфрақұрылымға ие:

Астана қ. үлестірілген оптикалық-талшықты желісін қамтитын, сонымен қатар ҚР облыс орталықтары мен Алматы және Шымкент қаларындағы қалалық желілірін МО БКО жерүсті сегменті.

Қалалық желілерді ұйымдастыру Астана қ. ядроның 40Гбит/с және облыстық орталықтарында 10Гбит/с дейін ішкі өткізу қабілетімен әрбір абонентке (мемлекеттік органға) дейін 1Гбит/с жылдамдықпен IP/MPLS технологиясын пайдаланумен жүзеге асырылады.

МО БКО спутниктік сегменті Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын қамтиды. Қоғамның қашықтағы терминалдары 512 кбит/с-тен 8 Мбит/с-қа дейінгі кері арна өткізу қабілетін қолдайды. DVB-S2X ACM деректерді жіберуге арналған заманауи спутниктік хабар тарату стандарттарына қолдау көрсетіледі. Спутниктік арналар ағымдағы белсенді лицензиямен шифрлау арқылы қорғалған. Желілік инфрақұрылым қауіпсіз байланысты қамтамасыз етеді.

МО БКО сымсыз сегменті 512 кбит/с-тан 20 Мбит/с дейінгі деректерді беру арнасының өткізу қабілетімен 179 аудан орталығы мен Қазақстан Республикасының облыстық маңызы бар 11 қаласын қамтиды. Байланысты ұйымдастыру схемасы аудан орталықтарына облыстық және республикалық торап бағыты бойынша мәліметтерді жіберуге мүмкіндік береді.

Талшықты-оптикалық байланыс желілері. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жалпы ұзындығы 958 135 м құрайтын жеке талшықты-оптикалық байланыс желілері ұйымдастырылған.