«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры
«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры (бұдан әрі - ЗТ МДҚ) - ақпараттық жүйе бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуге арналған және ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің және ҚР ҚМ МКК Ұлттық статистика бюросының ведомстволық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге БСН беруді қамтамасыз етеді.
Жобаны іске асыру мерзімі:
- 2003 - 2007 жылдары - құру, өнеркәсіптік пайдалануға енгізу және іске қосу;
- 2008 - 2009 жылдары - жүйені сүйемелдеу;
- 2009 - 2010 жылдары - тәжірибелік пайдалану және жаңғыртылған жүйені енгізу;
- 2011 ж. - қазіргі уақытқа дейін өнеркәсіптік пайдалануда, жаңғыртылған АЖ сүйемелдеу.
ЗТ МДҚ жобасының міндеттері:
- Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің тіркеу есебін жүзеге асыру;
- Заңды тұлғалар, филиалдар, өкілдіктер туралы өзекті және дұрыс мәліметтерді ұсыну мақсатында ақпаратты автоматты түрде жинау, сақтау және өңдеу;
- БСН арқылы заңды тұлғаларды бір мәнді сәйкестендіру;
- Заңды тұлғаларды сәйкестендіру бөлігінде әртүрлі ведомстволарға тиесілі ақпараттық ресурстарды ықпалдастыру;
- Заңды тұлғалар туралы өзекті және дұрыс мәліметтерді сақтайтын және ұсынатын орталықтандырылған деректер базасын құру;
- Ұсынылған тіркеу ақпаратын «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік Деректер қорының деректерімен салыстыру арқылы «жалған кәсіпорындарды» заңсыз тіркеу фактілерінің жолын кесу;
- Әрекетсіз заңды тұлғаның басшысы немесе құрылтайшысы болып табылатын тіркелген заңды тұлғалардың фактілердің жолын кесу.
ЗТ МДҚ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен басқа да ұйымдарының 112 ақпараттық жүйесімен интеграцияланған.