АК-инфрақұрылымын жүйелік-техникалық қызмет көрсету
«Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілеріне (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен аппараттық-бағдарламалық кешендеріне) жүйелік-техникалық қызмет көрсету қызметі ақпараттық жүйелерге, технологиялық платформаларға, аппараттық-бағдарламалық кешендерге, телекоммуникация желілеріне, сондай-ақ техникалық құралдардың үздіксіз жұмыс істеуін және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсету қызметтерін қамтиды. Жүйелік-техникалық қызмет көрсетудің мақсаты аппараттық–бағдарламалық кешеннің, ақпараттық жүйелердің және телекоммуникация желілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету болып табылады. Қызмет :
- техникалық қызмет көрсету;
- жабдықты диагностикалау және жөндеу;
- жедел қызмет көрсету;
- ақпараттық жүйені әкімшіліктендіру;
- жабдықты, ЕБҚ, ДҚБЖ, операциялық жүйелерді әкімшілендіру;
- ЖЕЖ/ҚКЖ желілерін әкімшілендіру;
- ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және т. б. кіреді.