ҚР НКО, ҚР МО КО, ҚР ҰКО және ҚР СҮТ сүйемелдеу және жүйелі-техникалық қызмет көрсету қызметі
Қазақстан Республикасының Негізгі куәландырушы орталығын (бұдан әрі – ҚР НКО), Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығын (бұдан әрі – ҚР МО КО), Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығын (бұдан әрі – ҚР ҰКО) және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапын (бұдан әрі – ҚР СБҮО) қолдап отыру қызметі – ҚР НКО, ҚР МО КО, ҚР ҰКО және ҚР СБҮТ куәландырушы орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуді білдіреді:
- «ҚР ҰКО тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметін ұсыну;
- ҚР МО КО тіркеу куәліктерін беру және кері қайтарып алу қызметін ұсыну;
- Қазақстан Республикасының куәландырушы орталықтарын аккредиттеу кезінде консультациялар көрсету;
- ҚР НКО куәландырушы орталықтарын қайта бағындыру;
- шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын растауды жүзеге асыру.
ҚР НКО ТҚС, ҚР МО КО, ҚР ҰКО және ҚР КҚД қызметтерінің құрамына:
- КО серверлік қолданбалы бағдарламалық қамтылымын әкімшілендіру, сондай-ақ арнайы пайдаланушылардың тіркеу куәліктерін шығару және кері қайтарып алу және кері қайтарып алынған тіркеу куәліктері тізімінің өзектілігін қамтамасыз ету;
- ҚР НКО, ҚР ҰКО, ҚР МО КО, ҚР КҚД жобалары шеңберінде серверлер жағдайының мониторингі;
- барлық қажетті статистикалық ақпаратты алу үшін ҚР ҰКО дерекқорын қолдап отыру, жаңғырту кіреді.