Ашық үкімет бөлігінде ҚР халықты цифрлық сауаттылыққа үйрету
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Ашық үкімет» курсы бойынша еліміздің халқын цифрлық сауаттылыққа үйрету тақырыбындағы оқытулардың өткізілгені туралы хабарлайды.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен бұрын «Ашық үкімет» курсы бойынша оқу бағдарламасының толық жоспары әзірленіп, бағдарлама бекітілген болатын.
Бағдарламаға сәйкес 2018 жылғы 1 маусымнан бастап 29 тамыз бойынша аралықта жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастыруымен 500 000 азматты оқыту жоспарланды.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қызметкерлері барлық жергілікті атқарушы органдарда 3 500 маманды оқытты, оқу курсынан өткен мамандар кейіннен өз бетінше өңір халқына оқытулар өткізді.
Оқытуды өткізу сапасын бақылау және бағалау шеңберінде Атырау, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қостанай және Павлодар облыстарына компанияның қызметкерлері жіберілді. Өткізілген бақылау қорытындысы бойынша әрбір өңір бойынша толық есеп жасалды.
«Ашық үкімет» курсы бойынша «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы мен «Зерде» ҰИКХ» бірлесе отырып, өткізілген сабақтардың жазбаларын жүргізді. Ол жазбалар kaztube.kz, Youtube.com. бейне хостингтердегі жалпы қолжетімділікте орналасқан.