Душанбе қаласында Тәжікстанның цифрлық экожүйесіне қазақстандық IT-шешімдерді енгізу бойынша жұмыс нәтижелері таныстырылды
Қазақстан Республикасы Президентінің Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Тәжікстанның цифрлық экожүйесіне Қазақстандық IT-жобаларды енгізу нәтижелерінің таныстырылымы өтті. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев пен Тәжікстан Республикасының Президенті жанындағы Инновациялар және цифрлық технологиялар агенттігінің директоры Хуршед Мирзо екі мемлекет басшыларына мемлекеттік органдардың (МО ИРБП) және Smart Bridge интернет-ресурстарының бірыңғай платформасын енгізу қорытындыларын көрсетті.
Қазақстандық IT-жобаларды енгізу Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық өзара іс-қимыл туралы 2023 жылғы желтоқсанда қол қойылған декларация шеңберінде жүзеге асырылды. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасын (МО ИРБП) енгізу процесі бір жылдан аз уақытты алды. 2024 жылы «ҰАТ» АҚ мамандары Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Инновациялар және цифрлық технологиялар агенттігінің әріптестерімен бірлесіп Тәжікстанның цифрлық инфрақұрылымында ИРБП және Smart Bridge компоненттерін «орналастырды».
«Қазақстан цифрлық басқару және пайдаланушылардың ыңғайлылығына шоғырландырып, адамға бағытталған цифрлық экожүйені әзірлеу саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. МО ИРБП және Smart Bridge компоненттерінің экспорты біздің цифрлық жетілгендігімізді көрсетеді. Біз өз тәжірибемізбен бөлісуге қуаныштымыз және жақын арада біздің шешімдеріміз бен әзірлемелеріміз Халықаралық IT-нарықта табысты пайдаланылады деп үміттенеміз», - деп атап өтті тұсаукесер барысында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.
Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы (МО ИРБП) – бұл мемлекеттік органның қызметкері әзірлеушінің дағдыларынсыз сайтты дербес құра алатын және ондағы ақпаратты жаңарта алатын сайттардың конструкторы. Бүгінгі таңда Қазақстанда МО ИРБП базасында құрылған 3300-ден астам түрлі мемлекеттік органдар жұмыс істейді. Осы платформаны табысты енгізу үшін «ҰАТ» АҚ тарапы тәжік әріптестері үшін бірқатар оқыту сессияларын өткізді. Нәтижесінде Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Инновациялар және цифрлық технологиялар агенттігінің әріптестері мемлекеттік органдардың алғашқы бес сайтын құруға кірісті.
Мемлекет басшылары атқарылған жұмыстың нәтижелерін жоғары бағалады және болашақта бірлескен і-жобаларды іске асыруда екіжақты ынтымақтастықты қолдауға дайын екендіктерін білдірді. «ҰАТ» АҚ-ның жоспарларында Smart Bridge ақпараттық-коммуникациялық платформасын өрістету бойынша оқытуды ұйымдастыру және одан әрі тәжірибе алмасу үшін Тәжікстаннан келген әріптестерімен байланыстарды қолдау бар.
Еске салатын болсақ, бүгінде Қазақстан электрондық үкімет саласындағы халықаралық рейтингтерде жоғары орындарда. Біріккен Ұлттар Ұйымының Электрондық үкіметті зерттеуіне сәйкес, біздің еліміз БҰҰ Жаһандық электрондық үкіметті дамыту индексінде 193 елдің арасында 28 орында; сонымен қатар онлайн қызмет көрсету сапасы индексінде 8-ші орында.