Skip to main content

eGov.kz порталында көлік салығының сомасын көруге және төлеуге болады

25.12.18 ж., «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ пилоттық режимде жеке тұлғалардың алдағы салық төлемдерін қарау және төлеу сервисінің іске қосылғаны туралы хабарлайды.

Бұл сервис салық төлеу органы мен сомасы туралы автоматты түрде хабардандыру мақсатында әзірленген.

ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректер қорын интеграциялау есебінен салық төлеушіге әрбір көліктің салық төлеу сомасын бөлек есептеудің қажеттілігі жоқ.

Жалпы сомасы сервисте көрсетіледі және оны төлеу үшін барлық қажетті деректер көрсетіледі (ТТК, БСК, СОК).

Сервис eGov.kz порталының басты бетіндегі «Сервистер» бөлімінде орналастырылған.

Қазіргі уақытта жоғарыда көрсетілген мүмкіндік Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындарына қолжетімді.

Пилоттық режим аяқталғаннан кейін сервис елдің барлық аумағында жалпы пайдалану үшін қолжетімді болады, сондай-ақ жер салығы мен жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша алдағы салық төлемдерін тексеру және төлеу мүмкіндігі болады.

Естеріңізге саламыз, бұған дейін қызмет тек ҚР Мемлекеттік кіріс комитеті арқылы ұсынылған болатын.

Анықтама: 

Көлік құралдарың салығы ағымдағы жылғы 31 желтоқсанына дейін төленуі тиіс.

                                                                                                              * * * * *

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ – «электрондық үкіметтің» инфокоммуникациялық инфрақұрылымы мен мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелі-техникалық қолдау көрсетуді жүзеге асырады, Деректер қорындағы («Жеке тұлғалар», «Заңды тұлғалар», «Мекенжай тіркелімі», «Жылжымайтын мүлік тіркелімі», «Е-лицензиялау», «Е-техбайқау») ақпараттың қауіпсіз сақталуына жауап береді. Халықпен, яғни клиенттермен қызмет бұл – «Электрондық үкімет» (egov.kz) және «Ашық үкімет» (open.egov.kz) порталдары, mGov.kz қосымшасы, телеграм бот @EgovKzBot, ҚР 1414 Бірыңғай байланыс орталығы.

Қосымша ақпарат үшін:

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ

Қазақстан Республикасы, Астана қ. Д.Қонаев к-сі 14/1

т.: +7-7172-740596 

www.nitec.kz