Skip to main content

Enis.kz жүйесі, e-Otinish платформасы және «электрондық үкімет» компоненттері штаттық режимде жұмыс істейді

Бүгін enis.kz бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесінің, e-Otinish мемлекеттік органдарына электрондық өтініштердің ресми платформасының және «электрондық үкімет» бөлек компоненттерінің дұрыс жұмыс істемеуі байқалды.

«Бүгін «ҰАТ» АҚ инфрақұрылымда қысқа мерзімді ақау байқалды, осыған байланысты enis.kz бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі, e-Otinish мемлекеттік органдарына электрондық өтініштердің ресми платформасы және электрондық үкімет бөлек компоненттері қолжетімсіз болды. Қазіргі уақытта барлық жүйелер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Әлеуметтік желілердегі, мессенджерлердегі әртүрлі белгісіз дереккөздерге сенбеуді және осы жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.

Мессенджерлердегі апат туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Ақпаратты тексеруді және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз.