Қазақстандықтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Aitu қосымшасынан ала алады
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді танымал алаңдарға шығаруды жалғастыруда. Енді электрондық үкімет сервисі Aitu қосымшасымен интеграцияланды.
Қазіргі уақытта платформада eGov.kz порталындағы тұрғылықты жері туралы анықтама, жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы, зейнетақы аударымдары туралы анықтама, әртүрлі медициналық ұйымнан анықтамалар, шетелге шығуға тыйым салудың болуын тексеру туралы анықтама, кепіл туралы анықтаманың барлық түрлерін қоса алғанда, ең сұранысқа ие көрсетілетін қызметтерге қолжетімді, сондай ақ ХҚКО-да кезекті брондау қызметі де бар.
«ЦДИАӨМ ұсынған мультиплатформалық тәсіл векторын ұстануды жалғастыра отырып, біз өз қызметтерімізді танымал қосымшалар қатарына шығарумен шекарамызды одан әрі кеңейткіміз келеді. Бізде қазіргі уақытта мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларына шығарған сәтті кейс бар. Осылайша, біз халықтың мемлекеттік қызметтерді қолайлы алаңда алатындай таңдау жасауын ұсынуға ұмтылудамыз»,- дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Сервисті пайдалану үшін Aitu-ды жүктеп алып, оған тіркелу қажет және «Қосымшалар» бөлімінде «eGov» - ты таңдау керек немесе бөлімнің жоғарғы бөлігіндегі баннерді басу қажет. Әрі қарай авторлану қажет, өзіңізге қажетті көрсетілетін қызмет түрін таңдау қажет және бір минут ішінде сауалға жауап аласыз. Сервис Aitu платформасының мобильді нұсқасында қазақ және орыс тілінде қолжетімді.
Көрсетілетін қызмет елде және одан тыс жерлердегі барлық қазақстандықтарға қолжетімді. Басты талабы — мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелу қажет. Егер пайдаланушы МАБ - та тіркелмеген болса, онда еGov-та жеке кабинетінде логин мен парольді енгізу қажет немесе eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы шығарылған Digital ID сервисі арқылы жеке тұлғаны қашықтықтан сәйкестендіру қызметін пайдалану қажет.
«Біз Aitu құндылығын арттыруда тұрақты жұмыс істеудеміз. Бұл жолы жұмысқа орналастыру, БЖЗҚ шотындағы қолжетімді соманы тексеру, сапарларға дайындық және т.б. өмірлік жағдайларды шешуге қатысты көрсетілетін қызметтерге баса назар аудардық. Біз Aitu-дың көмегімен кез келген жерде, кез келген уақытта және кез келген құрылғыда ақпарат пен көрсетілетін қызметтерге қазақстандықтардың белсенді түрде қолжетімділіктерінің болғанын қалаймыз", —деп түсіндірді BTS Digital компаниясының продакт менеджері Нұрсұлтан Ахметов.
Aitu-дағы «eGov» сервисі «ҰАТ» АҚ мемлекеттік контурының ішінде орналасқан, BTS Digital компаниясы дербес деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырмайды.