ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі цифрлық құжаттарды қазақстандықтар арасында танымал платформаларға енгізді
Қазақстандықтар арасында танымал Kaspi.kz және HalykHomebank мобильді қосымшаларында «Цифрлық құжаттар» қызметі енді қолжетімді. Бұрын цифрлық құжаттарды тек eGov Mobile қосымшасы арқылы ғана пайдалануға болатын.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен ҚР ЦДИАӨМ, «KaspiBank» АҚ және «Халық банк» АҚ бірлесіп цифрлық құжаттар сервисін банктердің мобильді қосымшаларындың сыртқы платформаларына шығару бойынша интеграцияны жүргізген болатын. Бұл іске асыру Қазақстан банкінің пайдаланушыларының ыңғайлығы үшін қарастырылған.
Енді Kaspi.kz және HalykHomebank қосымшаларында, мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінде азаматтар «Цифрлық құжаттар» сервисін көре алады. Жүйеге кіру кезінде пайдаланушы бір реттік пароль арқылы цифрлық құжаттарды қолдануға келісімін беруі керек, келісімсіз деректер сыртқы платформаларға жіберілмейді. Клиентті сәйкестендірудің бұл механизмі жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және үшінші тараптардың алаяқтығының алдын алады. Сұраныс орнында цифрлық құжатты ұсыну үшін QR кодты немесе қысқа алты таңбалы кодты пайдалану қажет.
«Цифрлық құжаттар» азаматтар арасында үлкен сұранысқа ие және құжаттардың түпнұсқасын өзіңізбен бірге алып жүрудің қажеті жоқ – барлығы смартфонда, қазірдің өзінде оларды 10 миллионға жуық адам тұрақты түрде пайдаланады. Енді пайдалану одан ыңғайлырақ болу үшін біз бұл қызметті қазақстандықтар арасында танымал үшінші тарап платформаларына енгізіп жатырмыз, бірақ бұл функция азаматтың келісімімен ғана қолжетімді болады»,- деп ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин атап өтті.
Цифрлық құжат – құжаттың түпнұсқасының аналогы болып табылады. Қазіргі уақытта «Цифрлық құжаттар» сервисі 10 млн.жуық азамат белсенді пайдаланатын 18 құжаттан (жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПЦР тест және туу туралы куәлік және т. б.) тұрады.
Бүгінгі күні цифрлық құжаттарды еліміздің барлық әуежайларында, «ҚТЖ» АҚ теміржол вокзалдарында вагондарға отырғызу кезінде, «Отбасы Банк» АҚ бөлімшелерінде, Beeline ұялы байланыс операторында, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер мен нотариустардан қызмет алу кезінде пайдалануға болады.
Анықтама үшін:
Цифрлық құжат – цифрлық құжаттар сервисі қалыптастыратын, мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алу үшін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау кезінде қажетті электрондық құжат. «Цифрлық құжаттар» сервисі жеке басты куәландыратын құжат түпнұсқасының электрондық нұсқасын тікелей пайдалануды көздейді, бұл азаматтарға басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қандай да бір қызметтер көрсету үшін (мысалы, әуе және т/ж билеттерін сатып алу кезінде және т.б.) электрондық құжатты ұсынуға мүмкіндік береді.