Құрметті пайдаланушылар!
Алаяқтардың құрбаны болмас үшін 1414-тен кодтары бар хабарламаларды үшінші тұлғаларға жібермеңіз.
Алаяқтар хабарламадағы кодты пайдаланып, сіздің цифрлық деректеріңізге қол жеткізе алады.
Сондай-ақ, ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға бере отырып, сіз оларға заңды қол қою мүмкіндігін бересіз және оның салдары үшін жауап бересіз.
ДЕРЕКТЕРДІ ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ?
- 1414-тен жіберілген sms-кодты үшінші тұлғаларға бермеңіз;
 - ЭЦҚ үшінші тұлғаларға бермеңіз;
 - қызметкерлер жұмыстан босатылғаннан кейін ЭЦҚ кері қайтаруын қадағалаңыз;
 - ресми құжаттарға қол қоюға жауапты қызметкерлерге жеке ЭЦҚ беріңіз;
 - ЭЦҚ бар флешка жоғалған жағдайда бірден жаңа ЭЦҚ алыңыз;
 - ХҚКО алынған ЭЦҚ құпиясөзін ауыстырыңыз;
 - бейтаныс адамдардан ЭЦҚ кілтін ашу үшін ақылы көмекке жүгінбеңіз.
 
ҚР ЭЦҚ туралы Заңының 10 бабының 2-тармағына сәйкес ЭЦҚ жабық кілттерін басқа адамдарға беруге болмайды. Кодекстің 640-бабының 5-тармағына сәйкес ЭЦҚ-ның жабық кілтін басқа тұлғаларға заңсыз бергені жеке тұлғалар үшін 10 АЕК, ал заңды тұлғалар үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.









