Skip to main content

Металл сынықтарын жинауға, сақтауға, өңдеуге және сатуға рұқсатты elicense.kz порталынан алуға болады

Elicense.kz порталында заңды тұлғалар үшін сынықтарды, сондай-ақ түсті және қара металдардың қалдықтарын жинау, сақтау, қайта өңдеу және өткізу бойынша қызмет автоматтандырылды. Рұқсат алу Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында кәсіпкерлердің қызметі үшін қолжетімді.

Рұқсат беру бойынша қызмет көрсету мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды. Кәсіпкер лицензияны өзінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органдардан рұқсат ала алады.

Рұқсатты алу үшін:

- elicense.kz порталында авторизация жасау және «Жер қойнауын пайдалану» бөліміне өту;

- «Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру» көрсетілетін қызметтер тізбесінен таңдау;

- барлық қажетті өрістерді толтыру, файлдарды жүктеу және мемлекеттік бажды төлеуз;

- ЭЦҚ/QR көмегімен қызметке қол қою қажет.

Мемлекеттік органның оң шешімі болған кезде дайын лицензия пайдаланушының elicense.kz порталындағы «Жеке кабинетінде» «Рұқсаттар» модулінде көрсетіледі. Өтініш бойынша бас тартылған жағдайда «Менің өтінішім» модулінде дәлелді бас тарту сақталады.

Рұқсат беру үшін 10 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төленеді. Төлем заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша салық органының атына кез келген екінші деңгейдегі банкте жүзеге асырылады.

Жаңа қызмет ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының арқасында іске қосылды.