Соттылықтың жоқтығы туралы жаңартылған анықтаманы қазақстандықтар eGov Mobile арқылы ала алады
Енді қазақстандықтар eGov Mobile мобильдік қолданбасы арқылы өз балаларына соттылықтың жоқтығы туралы анықтама ала алады. Бұл қызмет кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне қол жетімді.
Пайдаланушылар анықтама форматын таңдай алады: электронды түрде немесе апостильмен қағаз түрінде. Егер сіз апостилмен анықтаманы таңдасаңыз, Мемлекеттік корпорация филиалының мекенжайын көрсетуіңіз және мемлекеттік бажды төлеуіңіз керек.
Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама - талап ету орны бойынша ұсынуға, шетелге шығу кезінде визаны ресімдеуге, тұруға ықтиярхат алу үшін, ҚР азаматтығын алу, қайта алу не одан шығу үшін қажет.
Қызметті алу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
- еGov Mobile қолданбасында авторизация жасаңыз және «Жұмысқа орналасу және жұмыспен қамту» бөліміне өтіңіз.
- «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» тармағын таңдаңыз және қажетті өрістерді толтырыңыз.
- Өтінімге Face ID/Touch ID арқылы қол қойыңыз.
Нәтижені Жеке кабинет тарихында тексеруге болады. Қызмет көрсету мерзімі – 10 минут, ал қосымша тексеру қажет болған жағдайда – 5 жұмыс күніне дейін. Шетелге шығу үшін қажетті анықтамалар үшін мерзім де 5 жұмыс күніне дейін.
Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы алу ұзақ уақыт бойы eGov.kz порталындағы және eGov Mobile мобильді қолданбасындағы танымал қызметтердің бірі болып қала береді. Осы уақыт аралығында ҚР азаматтары қызметке 30 миллионнан астам рет жүгінді.
Жаңа функционалдық жаңарту Бас прокуратура, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ынтымақтастығы арқасында іске асырылды.