Skip to main content

«ҰАТ» АҚ-ның Қоғамдық кеңесін құру жөніндегі жұмыс тобының №1 отырысы

ХАБАРЛАНДЫРУ!

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Қоғамдық кеңесін құру жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – Жұмыс тобы) Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмысты бастайды.

Жұмыс тобының 2021 жылғы 25 маусымда өткен отырысының №1 шешімімен Жұмыс тобының құрамы мен жетекшісі БЕКІТІЛДІ.

ҚҰРАМЫ:

Жұмыс тобының жетекшісі:

Мұқитанов Данияр Ерланұлы – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті.

Жұмыс тобының мүшелері:

Жұланова Жанель Алтынбекқызы – «Қазақстандағы блокчейн және дата-орталықтар индустриясы қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің заңгері;

Ысқақов Әзиз Ержанұлы – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жобаларды басқару департаменті (жобалау кеңсесі) директорының орынбасары;

Мұқитанов Данияр Ерланұлы – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті;

Зиятов Темірлан Алтайұлы – «Эвотек Орталық Азия» ЖШС коммерциялық директоры.

Хаттама «ҰАТ» АҚ-ның Қоғамдық кеңесін құру жөніндегі жұмыс тобының №1 отырысы