Жеке тұлғалардың жазбаларын тексеру қызметі eGov.kz порталында іске қосылды
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» egov.kz-порталында жеке тұлғалардың жазбаларын тексеру үшін жаңа қызметтің іске қосылуын жариялайды.
Бұл сервис азаматтардың: тууы, өлім, неке, ажырасу, бала асырап алу, әкелігін анықтауы, аты-жөнінің өзгеруі секілді барлық 7 оқиға қызметінің (оның ішінде 2008 дейін жасалған) архивтік актілік жазбаларын цифрлауға және тексеруге мүмкіндік береді.
Енді жоқ немесе дұрыс емес мәліметті түзетуді цифрландыру үшін eGov.kz https://egov.kz/services/SR.18/ порталының сілтемесі арқылы құжаттардың сканерленген көшірмелерін жіберу жеткілікті болады.
Мысалы, Сіздің балаларыңыздың туу туралы актілік жазбаны тексеру кезінде, бала туралы деректері (тегі, аты, азаматтығы, ұлты, туған күні, ана мен әке туралы деректері) ұсынылған бөлімінде дұрыс емес жазбалары енгізілген жағдайда, онда құжаттардың сканерленген көшірмелерін қойып, ақпаратты жаңарту мүмкін болады.
Қызмет көрсетудің нәтижесі АХАЖ АЖ мәліметтерін жаңарту мәртебесі туралы ақпарат болып табылады. Қызметтің көрсетілуі мерзімі - 1 жұмыс күні, қызмет тегін көрсетіледі. Осы сервис қызметі электрондық үкімет порталының басты бетінде орналасқан.