Skip to main content

«Электрондық үкімет» порталы

«Электрондық үкімет» порталы - веб-порталы 2006 жылдың сәуір айында іске қосылды. Бастапқы кезеңде сайт мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық сипатта болды. Жылдар өте сайт трансформацияланды, "электрондық үкімет" порталында әлеуметтік маңызы бар қызметтер мен төлем сервистерін іске қосу жұмыстары жүргізілді. Портал пайдаланушысына жеке кабинетте дербес деректерден басқа "Әскери қызметке қатынас", "Электрондық денсаулық паспорты", "Еңбек қызметі", "Электрондық үй кітабы" сияқты бөлімдер және пайдаланушы туралы басқа да көптеген мәлімет қолжетімді.

Құру мақсаты: адамның мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын болдырмау, мемлекеттік органдар қызметінің ашық және жария болуын арттыру және азаматтар мен бизнес-құрылымдардың мемлекеттік қызметтерге жүгінуі кезінде бюрократия деңгейін төмендету жолымен халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сыбайлас жемқорлық факторын төмендету. Идея "бір терезе" принципі бойынша кешенді қызметтер көрсетуге көшуден тұрады, бұл кезде пайдаланушыға қызметтер мен проактивті қызметтердің тетіктері онлайн режимінде бір сұрау салу арқылы, бірнеше ведомстволарға барусыз, қызметке мүлде жүгінусіз қолжетімді болады.

Артықшылықтары: мемлекеттік қызметті электрондық түрде алу, сөзсіз, бірқатар артықшылықтарға ие. Біріншіден, бұл уақыт пен ресурстарды үнемдеу. Екіншіден, бұл мемлекеттік қызметті ауылдық жерден қалаға дейін, сондай-ақ ҚР аумағынан тыс жерлерде алудың ыңғайлылығы мен қолайлығы. Жыл сайын "электрондық үкіметтің" порталында азаматтарға қолайлы болуы үшін жаңа әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызмет автоматтандырылады.

Жетістіктер: 2019 жылы Қазнеттің 25 жылдығына орай "Электрондық үкіметтің" порталы "Үздік мемлекеттік онлайн жоба" деген марапатқа ие болды. Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында мемлекеттік қызметті электрондық форматқа көшіру бойынша "электрондық үкіметтің" порталында мемлекеттік қызметтің 90%-дан астамы автоматтандырылды.