ABC Hack'SS18 хакатонының үздік жеңімпаздары анықталды
Қазақстанның 16-25 жастағы әзірлеушілер мен роботтармен айналысатын инженерлер арасындағы ABC Hack'SS-18 хакатонының жеңімпаздары анықталды.
Бұл хакатон Назарбаев Университетінде 5-6 мамырда өтті. 24-сағаттық марафонда 160-тан астам жас әзірлеуші бірнеше топқа бөлініп, технологиялық компаниялар мен нарық көсбасшыларының түрлі тапсырмаларын тоқтаусыз орындады.
Хакатонның екінші күнінде әзірленген 44 жұмыстардың таныстырылымы өткеннен кейін, қазылар алқасы 8 жеңімпаз бен 2 арнайы жүлде иелерін анықтады.
«Біздің компания автокөлік құралдар ақпараттық жүйесінің қауіпсіздігін іске асыру тақырыбындағы тапсырманы дайындады. Жас қатысушылар оны өте жақсы орындап шықты. Нәтижесінде екі қатысушы құрған «XXII» тобы жеңімпаз атанды. Оларға біздің Біріктірілген шешімдер департаментіне жұмысқа орналасу мүмкіндік берілді. Болашақта «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ осындай іс-шаралардың өткізілуіне барынша жәрдем беріп, жастар зияткерлігінің дамуын және Қазақстан стартаптарын одан әрі қолдап отырады» деді, – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.
Атап өтейік, аталған жарыстың жүлделік қоры 1 миллион теңгені құрады. Сонымен қатар, үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға ақылы тағылымдамалар өту ұсынылды, өз жобаларын әлдеқарай жүзеге асыруға мүмкіндік беру үшін жеңімпаздармен келісімшарттар бекітілетін болады.
Назарбаев Университетінің Инновационды кластері ұйымдастырған хакатонның серіктестерінің бірі ретінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қатысты.