Ақпараттық хабарлама
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ 2019 жылғы 23 ақпандағы сағат 21:00-ден бастап 24 ақпандағы сағат 13:00-ге дейін мемлекеттік органдардың Серверлік орталығында орналасқан телекоммуникациялық жабдықтарда жоспардан тыс жұмыс жүргізілгендігі туралы хабарлайды.
Осыған байланысты, келесі интернет ресурстар қолжетімсіз болады:
- «Электрондық үкімет» порталы;
- «Мобильді үкімет» қосымшасы;
- «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры;
- «Тауарларды таңбалау» сервистік бағдарламалық өнімі»;
- «Монополист» базасы сервистік бағдарламалық өнімі;
- Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің сайты;
- Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Сайты.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз!