«Ашық НҚА» порталында Киберқауіпсіздік тұжырымдамасы талқылануда
Киберқауіпсіздік тұжырымдамасы («Қазақстанның киберқалқаны») талқылау, оған ұсыныныстар мен идеялар енгізу үшін «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Тұжырымдама ақпараттандыру және байланыс саласында қоғам мен мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану барысында азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмауын сақтау мақсатында әзірленген.
Тұжырымдама заңмен қорғалатын ақпарат түрлерінің қауіпсіздігін, электронды ақпараттық ресурстар мен жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғауды қамтамасыз ететін жалпыұлттық саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға, көзқарастардың бірлігін, сондай-ақ, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілер мен әдістемелік базаны жетілдіруді қамтамасыз етуге қызмет етеді.
Осы Тұжырымдаманың орындалуы Қазақстан қоғамының одан әрі жаңғыртылуына және Қазақстанның БҰҰ Ғаламдық киберқауіпсіздік бағдарламасын іске асыруына қосылған үлес болады.
Аталған құжаттың мазмұнымен танысып, ұсыныстар енгізу мүмкіндігі азаматтар үшін наурыздың 15-не дейін қолжетімді болады. Келесі сілтемеге өту арқылы тұжырымдаманы талқылауға қатысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=1714716.
Естеріңізге салсақ, «Ашық НҚА» ҚР «Ашық үкімет» компоненттерінің бірі, әрі мемлекеттік органдар мен қоғам арасында нәтижелі кері байланыс орнатушы құрал болып табылады (порталды пайдалану туралы нұсқаулық http://egov.yvision.kz/post/758509).