eGov mobile қосымшасында ерлі-зайыптылардың нотариалды куәландырылған келісімін ресімдеуге болады
Енді ерлі-зайыптылардың нотариалды куәландырылған келісімін eGov mobile қосымшасында онлайн түрде ресімдеуге болады. ҚР Әділет министрлігінің, республикалық нотариаттық палатаның және «Ұлттық ақапараттық технологиялар» АҚ ақпараттық жүйелері арасындағы интеграция азаматтарға нотариусқа бармай ақ нотариат куәландырған құжаттарды бірнеше минут ішінде куәландыруға мүмкіндік береді.
eGov мобильді қосымшасының «eNotary» қызметінде ерлі-зайыптылардың келісімін талап ететін құжаттарды ресімдеудің қосымша опциясы пайда болды. Келісім онлайн режимінде биометриялық тексеруден өту арқылы жасалады, содан кейін нотариус клиенттің деректерін тексереді, одан кейін келісімді растағаннан кейін нотариалды куәландырылған құжат жасалады.
«Өздеріңіз білетіндей, ағымдағы жылдың сәуір айында eGov mobile мобильді қосымшасында «eNotary» қызметі іске қосылды және бүгінде ол қазақстандықтар арасында танымал. Азаматтардың осы қызметті пайдалана отырып, әлемнің кез келген нүктесінен қажетті құжатты куәландыруға мүмкіндігі бар. Бұл қызмет ыңғайлы, өйткені құжаттарды ресімдеу үшін нотариусты іздеп, оған барудың қажеті жоқ. Енді ерлі-зайыптылардың келісімін бірнеше минут ішінде онлайн режимінде алуға болады», - деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Ерлі-зайыптылардың келісімін алу үшін:
- eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өту;
- басты бетте «eNotary» қызметін ашу;
- тізімнен әрекет түрін таңдау - «келісім»;
- өтініш формасын толтыру және биометриялық тексеруден өту;
- бейнеқоңырау арқылы жұбайының келісімін алу;
- нотариалдық қызметке ақы төлеу қажет.
Бейнеқоңырау аяқталғаннан кейін пайдаланушы «Нотариаттық іс-әрекеттер» бөлімінде өтінімнің мәртебесін көре алады. EGov Mobile қосымшасының «Цифрлық құжаттар» бөліміндегі QR кодты сканерлеу арқылы бейнекамераның көмегімен ресми куәландырылған сенімхаттың түпнұсқалығын тексеруге болады.
Жаңа сенімхат «Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді болады және оны талап ету орны бойынша ұсынуға болады.