Skip to main content

ХАБАРЛАНДЫРУ 16.02.2022

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) 2021 жылғы 17 қыркүйекте өткен отырысының № 2 шешімімен ақысыз негізде Кеңес мүшеcін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Кеңес мүшелері конкурстық негізде азаматтық қоғам қатарынан немесе өзін-өзі ұсынған азаматтар қатарынан сайланатын болады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері осы хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күн ішіндетөмендегі құжаттарды қолға береді  немесе төменде көрсетілген электрондық мекенжайға жолдайды:

1) Қоғамдық кеңес құрамына кандидатура ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың еркін нысанда жасалған өтініші;

2) кандидатураның кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер, (толтыру үлгісі қоса беріліп отыр), сонымен қоса өмірбаяны да көрсетілуі қажет;

3) сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты бұзылулардың болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидатуралардың құжаттары galiya.shynggaliyeva@nitec.kz электрондық адресіне жолданады. Хат тақырыбында «ҰАТ» АҚ-ның Қоғамдық кеңесінің мүшесі» деп көрсетуді сұраймыз.

Пошта мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15.

Байланыс телефоны: +7 7172 701665 (ішкі6160).