NITEC және ARPCE цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) және Конго Республикасының Ұлттық пошта және электрондық байланысты реттеуші органы (ARPCE) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумға қол қою рәсімі Конго Республикасының президенті Денис Сассу-Нгессоның (Denis Sassou Nguesso) Қазақстанға ресми сапары шеңберінде өтті.
Меморандумға қол қою нәтижесінде «ҰАТ» АҚ және ARPCE цифрлық технологиялар саласындағы мониторинг және әлеуетті арттыру жүйелерін техникалық қолдау саласындағы ынтымақтастыққа ниетті. Сондай-ақ тараптар цифрлық трансформация және электрондық үкімет саласында тәжірибе алмасуды жолға қояды деп күтілуде. Бұдан басқа тараптар екі ұйымның қызметкерлері үшін оқыту өткізуді жоспарлап отыр.
Бүгінгі таңда Қазақстан электрондық үкімет саласындағы халықаралық рейтингтерде жоғары орынға ие екенін естеріңізге сала кетейік. United Nations e-Government Survey мәліметтері бойынша біздің еліміз онлайн-қызметтер сапасының индексі бойынша 8-ші орында, сондай-ақ электрондық үкіметті дамыту индексі (UN Global e-Government Development Index) бойынша 193 мемлекеттің арасында 28-ші орында.