«ҰАТ» АҚ жобалары халықаралық нарықтарда насихаттайтын болады
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «KazAID» халықаралық даму агенттігімен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Ынтымақтастықтың арқасында Қоғамның жобалары шетелде ұсынылатын болады.
Қол қою рәсімі ҚР ЦДИАӨМ жанындағы цифрлық үкімет кеңсесінің алаңында өтті. Келісімге «ҰАТ» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин мен «KazAID» Басқарма Төрағасы Аркен Арыстанов қол қойды.
Аталмыш ынтымақтастық цифрландыру саласындағы өзара серіктестікті, атап айтқанда халықаралық нарықтарда Қоғам жобаларын насихаттауды және мемлекеттік қызметтер көрсету саласында тәжірибе алмасуды көздейді.
Бүгінгі таңда Қазақстан өзін онлайн қызмет көрсету бойынша дамыған елдердің бірі деп атай алады, бұл 2022 жылғы рейтингтің жарқын дәлелі. БҰҰ рейтингі бойынша Қазақстан 193 мемлекет арасында электрондық үкіметті (UN Global e-Government Development Index) дамыту бойынша 28-ші орынды иеленді. Атап айтқанда, «онлайн-қызметтер сапасының индексі» бойынша біздің еліміз 8-орынға ие болды.
«ҰАТ» АҚ Қазақстанның «электрондық үкімет» операторы ретінде цифрландыруды дамытуда үлкен рөл атқарады. Қазіргі уақытта eGov.kz «электрондық үкімет» порталының пайдаланушыларының саны 13,5 млн-нан асады, 415 млн-ға жуық қызмет пен сервис алынды.
VII сайланған Парламент Мәжілісінің бірінші сессиясының ашылуында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің негізгі Өңірлік цифрлық хаб ретіндегі ұстанымын нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, цифрландыру экономиканың барлық салаларын және қазақстандықтардың өмірінің барлық салаларын қамтуы тиіс.
#BBD0E0 »