Skip to main content

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы отырысының 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 2 шешімімен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау өтті.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 2024 жылғы 9 сәуірде №126 Қоғамның Басқарма төрағасының бұйрығымен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қоғамдық кеңес мүшелерінің құрамы бекітілді.

«ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» АҚ-НЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ:

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-дан өкілдер:

Даулбаев Абилхан Сейтханович – Кеңесші;

Исабекова Гульмира Болатовна – Трансформация және даму жөніндегі басшы;

Искакова Нургуль Кайдаровна – Жобаларды басқару департаментінің директоры.

Азаматтық сектор өкілдері:

Кабдрашитов Азат Рашитович – «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Жасыл технологиялар департаментінің директоры;

Искаков Азиз Ержанович – Кеңесші, Aretera Public Affairs Central Asia, Жобалар жөніндегі директор, Qazaqstan Institute of Social Studies;

Молдабекова Асель Тулахбаевна – «Транстелеком» АҚ кеңесшісі;

Аманбаев Талгат Жолдымуратович – «АХҚО Әкімшілігі» АҚ Басқарма мүшесі (инновациялар жөніндегі бас директор);

Мусина Шырын Каиркельдиновна – «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарушы директоры – Бренд және маркетинг департаментінің директоры;

Демесинова Лаура Баглановна – «Самұрық-Қазына» АҚ Инвесторлармен жұмыс істеу жөніндегі департаментінің басшысы;

Нуржанова Жанар Нуржановна – «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd. Институционалдық серіктестіктер департаментінің директоры.

Хаттама
Бұйрық