Skip to main content

ВЕБИНАР: «Ашық үкімет» порталындағы заңдар жобасын талқылау және жаңа мүмкіндіктерді пайдалану

ВЕБИНАР: «Ашық үкімет» порталындағы заңдар жобасын талқылау және жаңа мүмкіндіктерді пайдалану

Наурыздың 16-ы сағат 17:00-де барлық азаматтарға арналған «Ашық үкімет іс-жүзінде: қажетті ақпаратты қалай алу керек, заңдар мен бюджеттердің жобасын қалай талқылау керек» тақырыбында тегін вебинар өтеді.

Аталған вебинар онлайн-порталдардың нәтижелілігінің дамуына қызығатын, заңдар жобасын, үкімдер мен бұйрықтарды, бюджеттер мен салықтық шығындарды талқылау барысында мемлекеттік органдардың басшыларымен тікелей диалогқа қатысу арқылы өзінің кәсіби шеберлігін шыңдағысы келетін азаматтар үшін  пайдалы болатыны сөзсіз. «Ашық үкімет» - тиімді онлайн-порталдардың жиынтығы, егер де  біздің дауысымыз естілсін десек азаматтық көзқарастарымызды дұрыс білдіре алуымыз керек.

Вебинарда жедел ақпаратты және «Ашық үкімет» порталындағы ашық деректерді алудың жолдары сияқты маңызды ақпаратпен танысуға мүмкіндік бар.

Аталған шараны «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ маманы (Әйгерім Сартай) мен «Интерньюс-Қазақстан» ұйымының маманы (Ольга Диденко) бірлесіп жүргізеді. «Ашық үкімет» онлайн-сервисін пайдалану бойынша сұрақтарыңызды вебинар басталғанға дейін medianet.smm@gmail.com  мекенжайына хат жазу арқылы жіберуге болады.

Қатысу үшін келесі сілтеме бойынша тіркеуден өтіңіз: https://room.etutorium.com/register/0b4f8056529c101b54d482aa529c101b54d4c30d.  Тіркеуден өткеннен кейін 16-шы  наурыз, сағат 16:30-да белсенді болатын вебинардың сілтемесі жіберіледі.