Skip to main content

Ақпараттық хабарлама

Өткен жұмада ел тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында техникалық жұмыстардың жүргізілгені туралы хабарлаған болатынбыз.

(https://www.facebook.com/nitec.kz/photos/a.1547847625501392/2372723629680450/?type=3&theater).

Бұл жұмыстар жаңа технологиялық шешімді енгізу жолымен Мемлекеттік органдардың серверлік орталығының  ағымдағы желілік инфрақұрылымын жаңғырту мақсатымен жүргізілуде.

Жүйелерді ауыстыру жүріп жатқанына байланысты мемлекеттік органдардың серверлік орталықта орналасқан интернет-ресурстардың уақытша қол жетімсіз болуы мүмкін. Тек 2019 жылдың 1 тоқсанының соңына дейін демалыс күндері ғана осындай техникалық жұмыстар жүретін болады, ал жұмыс күндері барлық ресурстар штаттық режимде жұмыс істейтін болады.

Толық (ашық) ақпаратты біз барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін хабарлаймыз.

Компанияның атынан, келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.