Skip to main content

eGov.kz порталынан әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалыстары туралы ақпаратты алуға болады

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ "Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалыстары туралы ақпараттыберу"  жаңа электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызмет іске қосылғандығы туралы хабарлайды.  

Ендігі жерде пайдаланушы өзіне ыңғайлы кез келген уақытта әлеуметтік аударымдарды аударудың және аударудың толықтығы мен уақтылығы туралы ақпарат ала алады.

Бұл қызмет egov.kz. электрондық үкімет порталы арқылы онлайн режимінде көрсетіледі. Ол үшін "Әлеуметтік аударымдар" бөлімінде жоғарыда аталған қызметті табу керек әрі "Қызметке онлайн тапсырыс беру" сілтемесі бойынша өтуіңіз, содан кейін қызықтыратын кезеңді көрсету және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) көмегімен қол қою қажет болады.

Бұл Қызметтің нәтижесімен "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде танысуға болады»

Аталған қызметті алу үшін eGov.kz  порталында тіркелген пайдаланушы болу қажет екеніңізді естеріңізге саламыз.