Теxникалық ақау бойынша ақпарат
Біз ҚР ІІМ бірге жұмадан сенбіге қараған түнде (25 мамырдан 26 мамырға қараған түні сағат 00:00-ден кейін) Мамандандырылған ХҚКО-дағы "Автокөлікті тіркеуге алу және есептен шығару" қызметіне өзгертулер енгізу бойынша теxникалық жұмыстар жүргіздік.
Өкінішке орай, жоғарыда аталған қызметтің интеграциясының бір бөлігінде бүгін сағат 09:00-де теxникалық ақаулар тіркелді.
Азаматтардың аталған қызметті пайдалана алуы үшін уақытша шешім жүзеге асырылды.
Жүйенің толыққанды жұмыс істегені туралы қосымша xабарлаймыз.
Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.