ТКШ сервисінің жобасы «Open Data Kazakhstan» хакатонында жеңіске жетті
«Microsoft Kazakhstan» компаниясы, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және MOST бизнес-инкубаторы 29-30 сәуір айында, ашық деректер мен Microsoft Azure бұлтының құралдарын қолдану бойынша хакатон өткізген.
Хакатон жеңімпазы болып «Bubo2» (Андрей Приходько, Мария Тутынина, Марат Анваров, Руслан Ганиев) атты команда атанды. Команда ПИК-қа арыз беру сервисін таныстырды. Жоба – қолданушыларға шағымдар мен ұсыныстарды қалдыруға болатын сайт және мобильдік қосымша жобасы болып саналады. Егер жауап қолданушыға ұнамаса, өтініш ТКШ-ға жіберіледі. Егер де ТКШ жауабы да ұнамаса, өтініш прокуратураға жіберіледі.
«Жұмысты көпшілікке жарықтандыру ТКШ жұмысын айқын етеді. Сұраныс пен өтінішке берілетін жауаптар бойынша ТКШ рейтингі пайда болады, осылайша, тіркелген қолданушылар пәтер иелерінің Кооперативінің жұмысын бақылай алады», - деп команда қатысушылары түсінік берді.
Ашық деректерден команда ТКШ деректерін қолданған – сервис пәтердің орналасқан жері бойынша автоматты түрде ТКШ-ға тиістілігін анықтайды. Microsoft Azure бұлтының жоғарыда айтылған деректерді өңдеу құралдары, сонымен қатар, мерзімді немесе команда бойынша орындалатын, автоматты бағдарламаны іске қосу, сақтау және хостинг құралдары қолданылған. Алдағы уақытта жеңімпаздарға жобаны іске қосу, жетілдіру, ақшалы ету және алға жылжыту бойынша қолдау көрсетіледі.
Осындай бірлескен іс-шаралар Қазақстандағы ашық үкімет негізіндегі бастамаларды дамытуға бағытталғанын және ашық деректер мен алдыңғы қатарлы Microsoft сервистерін қолдана отырып, әлеуметтік бағалы немесе коммерциялық пайдалы жобаларды өңдеудегі сәтті тәжірибелерін көрсетуге бағытталғанын айта кеткен жөн.