Бектұрғанова Гүлжан Жаңалықызы

Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
Туған жылы мен күні: 1982 жылы 22 желтоқсан.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматы.
Директорлар кеңесіне сайланған күні: 2023 жылғы 22 маусым.
Директорлар кеңесінің мүшесінің функциялары «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, «ҰАТ» АҚ-ның Жарғысымен, Директорлар кеңесі туралы ережемен және өзге де ішкі құжаттарымен регламенттеледі.
Директорлар кеңесінің комитеттеріндегі қызметі:
· Аудит жөніндегі комитетінің төрағасы;
· Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитетінің мүшесі;
· Кадрлар және сыйақылар жөніндегі комитеттің мүшесі.
Білімі:
- 2004 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітіріп, құқықтану бакалавры дәрежесін алды.
- 2013 жылы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін бітіріп, есептеу және бағдарламалық қамтамасыз ету бакалавры дәрежесін алды.
- 2021 жылы АҚШ-тың Пенсильвания университетінде ұйымдастырушылық динамикадағы ғылым шебері дәрежесін алды.
- 2022 жылы Тәуелсіз директорлар қауымдастығының «Ұйымды тиімді басқару» сертификаттауынан өтті.
- 2023 жылы «Басқару есебі» бағдарламасы бойынша (Ұлыбритания) институтының Кәсіби Қаржы Менеджерлері аттестатын алды.
- 2023 жылы «Кәсіби қаржы менеджері» атағы берілген (Ұлыбритания) институтының Кәсіби Қаржы Менеджерлері аттестатын алды
Еңбек тәжірибесі: еңбек жолын 2001 жылы бастаған. Әр жылдары оқытушылық қызметпен айналысқан, мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесі бар.
2010 жылдың ақпанынан 2018 жылдың қазанына дейін «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ компаниялар тобында түрлі позицияларда жұмыс істеді.
2018 жылғы қарашадан 2019 жылғы шілдеге дейін Fintech Hub Astana International Financial Center үшін консультант;
2022 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «dBridge» ЖШС-нің тең құрылтайшысы және директоры болып табылады.
Сондай-ақ, Qazaqstan Independent Directors қауымдастығының мүшесі, Qazaqstan Independent Directors консультативтік кеңесінің мүшесі, «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасының стипендиаты.
Бектұрғанова Г.Ж. «ҰАТ» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры ретінде тәуелсіздіктің Заңмен, Қоғам Жарғысымен, сондай-ақ Қоғамның Директорлар кеңесі туралы ережемен белгіленген өлшемдеріне сәйкес келеді, атап айтқанда: Қоғамның үлестес тұлғасы емес және де ол Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде үлестес тұлға болмаған (Қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болу жағдайын қоспағанда); Қоғамның үлсетес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға емес; Қоғамның лауазымдық тұлғаларына немесе Қоғамның үлестес тұлғаларына – ұйымдарға бағынбайды; мемлекеттік қызметші емес; Қоғам аудиторы емес және де ол Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде аудитор болмаған; аудит жүргізетін ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде Қоғамда аудит жүргізуге қатыспайды және де ол Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде мұндай аудит жүргізуге қатыспаған.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ акцияларын иелену: иелігінде жоқ.
Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акциялары: жоқ.