Қайырбеков Ұлан Қайратұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы
Туған жылы мен күні: 1986 жылғы 27 тамыз.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматы.
Директорлар кеңесіне сайланған күні: 2024 жылғы 3 қазан.
Директорлар кеңесі мүшесінің функциялары Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңымен, «ҰАТ» АҚ-ның Жарғысымен, Директорлар кеңесі туралы ережемен және өзге де ішкі құжаттарымен регламенттеледі.
Білімі:
2008 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша, 2011 жылы — Цинхуа университетін «Менеджмент және инженерия» мамандығы бойынша, 2017 жылы — «Қолданбалы бизнес-зерттеулер» бағыты бойынша Швейцария бизнес мектебін бітірген.
2019 жылы АҚШ-тың Массачусетс технологиялық институтында (MIT) Цифрлық трансформация (Платформа стратегиясы, ЖИ, Блокчейн, Бұлтты аналитика, Киберқауіпсіздік) бойынша оқудан өтті.
АҚШ-тың CP3P-E (Charter holder, APMG) мемлекеттік-жекеменшік жөніндегі сертификатталған кәсіби маман.
Соңғы 5 жылдағы жұмыс тәжірибесі:
2017 жылғы наурыз айынан 2018 жылғы қаңтар айы бойынша – «Bright Oceans Corporation Group» жобаларды сату бөлімінің аға басшысы.
2018 жылғы қаңтар айынан 2018 жылғы мамыр айы бойынша – «HY-Tencent ai Lab» халықаралық департаменті директорының орынбасары.
2018 жылғы қаңтар айынан 2019 жылғы қыркүйек айы бойынша – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Бизнесті трансформациялау департаментінің менеджері, директоры.
2019 жылғы қыркүйек айынан 2023 жылғы тамыз айы бойынша – Алматы қаласы әкімдігінің Цифрландыру басқармасының басшысы.
2023 жылғы тамыздан 2024 жылғы қыркүйекке дейін – «Цифрлық сауда дәлізі» АҚ технологиялар жөніндегі бас директоры, Сингапур теңіз портының компаниялар тобының мүшесі.
2024 жылғы қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытта - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Басқарма төрағасы.
Қосымша жұмысы мен Директорлар кеңестерінде мүшелігі: жоқ.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ акцияларын иелену: иелігінде жоқ.
Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акциялары: жоқ.