Skip to main content

Әділбеков Нұрмахан Әбілқасымұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасы

Туған жылы мен күні: 1973 жылғы 19 ақпан.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматы.

Директорлар кеңесіне сайланған күні: 2026 жылғы 13 шілде.

Директорлар кеңесі мүшесінің функциялары Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңымен, «ҰАТ» АҚ-ның Жарғысымен, Директорлар кеңесі туралы ережемен және өзге де ішкі құжаттарымен регламенттеледі.

Білімі:

1994 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

2004 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.

Еңбек тәжірибесі: еңбек жолын 1994 жылы бастаған. 1995 жылдан 2010 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2014 жылдан 2020 жылға дейін «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ-да жұмыс істеді, 2020 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Республикалық меншік объектілерін сату және жекешелендіруден кейінгі бақылау басқармасының басшысы лауазымында жұмыс істеді, 2022 жылдан 2024 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Шымкент қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы қызметін атқарды. 2024 жылдың мамырынан 2026 жылдың мамырына дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2026 жылғы 2 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы болып табылады.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ акцияларын иелену: иелігінде жоқ.

Компанияның өнім берушілері мен бәсекелестерінің акциялары: жоқ.