Ақпараттық хабарлама
Қазіргі таңда Қазақстанда Egov.kz электронды үкімет порталы мен Egov мобильді қосымшасы штаттық режимде жұмыс істейді.
Интернетке кіру мүмкіндігі болған жағдайда, ЭЦҚ немесе бір реттік пароль арқылы қызмет, анықтама және ақпаратты алуға болады.
Айта кеткен жөн, елде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты белгіленген уақытта кейбір қызметтерді алуда ақаулықтар болуы мүмкін. Атап айтқанда, қызметті беруші еліміздің жергілікті атқарушы органдары болып табылатын қызметтерді алу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін.