«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамында 2018 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы және жылдың соңына дейінгі жоспарлар туралы жиналыс өтті
28 сәуірде «ҰАТ» АҚ басшылары, сондай-ақ ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, «Зерде» холдингінің өкілдері және облыстық ақпараттық технологиялар орталықтары директорларының қатысуымен кеңейтілген жиналыс өткізілді.
Компанияның әрбір блогы бойынша 2018 жылғы 1-тоқсандағы есептер таныстырылды, сондай-ақ ағымдағы жылдың соңына дейінгі қойылған міндеттерді іске асырудың қадамдық әрекеттері егжей-тегжейлі талқыланды.
Өткізілген жұмыстардың нәтижесіде ағымдағы жылғы 1-тоқсандағы МО БКО қолжетімділік индексі 99,95% (жоспар бойынша 99,75%), Деректерді өңдеу орталықтарының қолжетімділік индексі 100% (жоспар бойынша 99,75%), ақпараттық жүйелердің қолжетімділік индексі 99,93% (жоспар бойынша 99%) құрады.
Өндірістік қызметте компанияның қолдап отыруындағы деректерді беру желілерін, деректерді өңдеу орталықтарын және ақпараттық жүйелердің тиісті жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шаралар қабылданды.
Жиналыстың ресми бөлімінің соңында компания филиалдарының қызметіне, сонымен қатар компанияны дамытудың басымды бағыттарына арналған дөңгелек үстел өткізілді.