Skip to main content

Жер кадастрынан мәліметтерді онлайн алуға болады

Қазақстандықтар «Электрондық үкімет» порталында олардың ЖСН / БСН-де тіркелген жер учаскелері туралы мәліметтерді ала алады.

Көрсетілетін қызметті алу үшін пайдаланушы «Жылжымайтын мүлік» бөлімінде «Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру» көрсетілетін қызметін таңдап, eGov.kz порталында авторизациялануы қажет және «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасын басуы керек. Осыдан кейін пайдаланушыға ЖСН/БСН және «Жердің бар-жоғына сұрау салу жіберу» батырмасы бейнеленеді. Тіркелген жерлер болмаған жағдайда, мәртебе бірден көрсетіледі және «Анықтама алу» батырмасы пайда болады.

«Бұрын бұл ақпаратты алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы өтініш беріп, 3 күн күту керек болатын. Енді жер кадастрынан мәліметтерді,ал жердің жоқтығы туралы мәртебені бірден үйден шықпай-ақ алуға болады. Меншік иелері барлық тіркелген жерлер бойынша толық, егжей-тегжейлі ақпаратты анықтама түрінде 15 минут ішінде ала алады. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті мен «Азаматтарға арналған үкімет» МК бірлескен жұмысы үшін ерекше алғыс – деп атап өтті «ҰАТ»АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Нәтижесінде пайдаланушы мекен-жайы, ауданы және нысаналы мақсаты туралы ақпаратпен бірге, кейіннен ақпаратты алу үшін жеке кабинетте толық егжей-тегжейлі мәліметтермен бір уақытта 10-ға дейін жерді таңдау мүмкіндігі бар АЖК ААЖ-де тіркелген жер учаскелерінің тізімін алады.

Бұл көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға қол жетімді.