Skip to main content

Қазақстандықтар eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы газға қосылуға өтініш бере алады

Енді жеке үйлер мен жылжымайтын мүлік нысандарының иелері табиғи газға қосылудың техникалық шарттарын eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн түрде ала алады. Қызмет «QazaqGaz Aimaq» АҚ тұтынушыларына қолжетімді және жеке тұлғалар үшін тегін ұсынылады.

Газға қосылуға арналған техникалық шарттар — бұл объектіні газ тарату жүйесіне қосу мүмкіндігін растайтын ресми құжат. 

Қызметті мүлік иесі пайдалана алады. Ол үшін пайдаланушы қосымшада көрсетілген барлық міндетті өрістерді толтырып, мүлікке тіркелген құқықтар туралы мәліметтерді растауы қажет.

Қызметті пайдалану үшін:

  • eGov Mobile мобильді қосымшасында авторизациядан өтуі қажет және «Қызметтер» бөліміне өтіп, «Жылжымайтын мүлік және ТКШ» - «Газ тарату желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру» батырмасын басу керек;
  • газбен жабдықтау объектісінің түрін көрсету және жылжымайтын мүлік объектісін таңдау қажет;
  • объектінің техникалық паспортын тіркеу керек;
  • техникалық шарттың түрін, газбен жабдықтау жүйелеріне қосылу себебін және газ шығынын көрсетуі қажет;
  • газ жабдығының түрін таңдап, қосу, санын көрсетіп және «Жалғастыру» батырмасын басу керек;
  • өтінімге Face ID/Touch ID арқылы қол қою қажет.

Өтінім дұрыс толтырылған жағдайда, қызмет көрсету нәтижесінде техникалық шарттар беріледі, оларды газ тарату ұйымы – «QazaqGaz Aimaq» АҚ ұсынады, немесе негізделген бас тарту шешімі шығарылады.

Табиғи монополиялар саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес техникалық шарттарды беруден бас тартуға келесі жағдайларда жол беріледі:

  • реттелетін қызметтің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажетті бос және қолжетімді қуаттар, сыйымдылықтар, «QazaqGaz Aimaq» АҚ желілерінің орындары, өткізу қабілеттері болмаған жағдайда;
  • «QazaqGaz Aimaq» АҚ желілері немесе реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті өзге де мүлік болмаған жағдайда.

Қызмет көрсету мерзімі объектінің күрделілігіне байланысты: техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін 5 жұмыс күні, күрделі объектілер үшін 10 жұмыс күні.

Жаңа функционал ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Энергетика министрлігімен және «QazaqGaz Aimaq» АҚ бірлесіп іске асырылды.