Future of Government Awards 2023
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ 2023 жылғы Future of Government Awards премиясының ТОП-3 қатарына енді. Бұл сыйлық Дүниежүзілік үкіметтік саммит тарапынан беріледі және әлемнің барлық елдеріндегі үкіметтердің басқаруды жақсарту, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және ғаламдық қиындықтарды шешу үшін заманауи шешімдерді қолдануға бағытталған инновациялық және маңызды бастамаларын атап өтеді. Премияның «Open Source Adaptation» категориясында жоғары бағаланды.